"Шизофрениямен ауырады, эскорт қыз": Атыраулық хакер танымал блогердің бетпердесін ашты

16.01.2026 11:39 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
211
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» лақап атымен танылған азамат өз парақшасында танымал блогер Еркежан Шайхқа қатысты бірқатар мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол кейбір адамдар өзіне халықаралық іздеу жарияланғаны жөніндегі ақпаратты пайдаланып, жеке танымалдылығын арттыруға тырысып жүргенін жазған.

«Қазір бәрі хайп қуалап кеткен. Тіпті бұрын эскортпен айналысқан адамдар да мені пайдаланып, стористерінде түрлі жала жазып жүр. Ал өздері әлі күнге дейін сайттарда қызметін жарнамалап отыр», – деп жазды ол.

Келесі жазбасында хакер Еркежан Шайх туралы айтылған шағымдарға тоқталды. Оның сөзінше, қысқа уақыт ішінде өзіне бұл блогерге қатысты бірнеше адам хабарласқан.

«Маған 40 минуттың ішінде 15-тен астам адам жазды. Олардың айтуынша, ол адамдарды алдап, ақша алған. Қаражатты қайтаруды сұрағандардың барлығын бірден бұғаттап тастайды. Тіпті “сіз туралы мынадай жазбалар тарап жатыр” деп ескерткендерді де себепсіз блоктайды», – деп жазды ол.

Сонымен қатар хакер блогерге қатысты жеке зерттеу жүргізгенін айтып, даулы сипаттағы мәліметтер келтірді. Алайда ол нақты дәлелдерді жариялауға ниетті емес екенін де атап өтті.

«Менде ақпараттар бар, бірақ әшкерелеу мақсатым жоқ. Маған ол қызық емес. Дегенмен ол өзін көрсетіп жүргендей адам емес. Бір жағынан діндар бейне қалыптастырады, екінші жағынан мүлде басқа өмір сүріп жүр», – дейді ол.

Бұдан бөлек, ол блогер Жұлдыз Жауынбаеваның парақшасынан алынған скриншоттарды да жариялап, бұрын мұндай адамдарды интернетте әшкерелеп көргенін еске алды.

Алайда соңында «Атыраулық хакер» көзқарасының өзгергенін айтып, әшкерелеу мен масқаралаудың ауыр күнә екенін түсінгенін жазды.

«Бұрын мұндай істермен айналысқанмын, бірақ кейін өзіме уәде бердім. Біреуді әшкерелеу – оңай нәрсе, бірақ оның салмағы ауыр. Мен мұсылманмын, мінсіз емеспін, бірақ мұның үлкен күнә екенін білемін. Адамда иманмен бірге нәпсі де бар, ал оны тізгіндеу әрдайым оңай емес», – деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий