«Шотыңызға 1 млн теңге аудардым»: Мақпал Жүнісова Майра Ілиясоваға ерекше тілек арнады

«Шотыңызға 1 млн теңге аудардым»: Мақпал Жүнісова Майра Ілиясоваға ерекше тілек арнады
26.05.2025 13:06
0
389
коллаж Sn.kz

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әрпітесі Майра Ілиясованың туған күніне ерекше тілек арнап, шотына қомақты ақша аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесі Майра Ілиясова 70 жасқа толып, шығармашылық кешін өткізді. 

“Шақырған қонақтарыңыздың бәрі келді. Ең бастысы, халық концертіңізді көріп, жасарып қалды. Туған күніңізге шапан әкелгім келді. Бірақ ондай шапанның сізде неше түрі бар. Сондықтан ұнатқан затыңызды аларсыз деген ниетпен шотыңызға 1 миллион теңге аудардым” – деді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, қос өнерпаздың сахнадағы әзілі жұртты күлдірген еді. 

“70 жасты жасырғанымен не пайда?! Бетіңізде жазылып тұр. Алдыңыздан қараса – пионер, артынан қарағанда – пенсионер” болып тұрсыз. Негізі Майра апамыз дұрыс айтады. Әлі де жас көрінеді екенбіз”, – деді халық әртісі. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий