Шоу-бизнестің бірнеше танымал өкілі ұсталды

Түркияда есірткінің таралуы мен контрабандасына қарсы жүргізілген арнайы операция барысында бірнеше танымал тұлға ұсталды. Бұл туралы жергілікті Halk TV телеарнасы хабарлады.
Операция кезінде әншілер Хадисе, Симге Сагын, блогерлер Дилан Полат пен Энгин Полат, актриса Демет Эвгар және актер Кубилай Ака ұсталған. Тергеу аясында олардан жауап алынып, қан сараптамасы жүргізіледі.
Сонымен қатар, ресейлік актриса Аглая Тарасова да есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша айыпталып отыр. Ол 28 тамыз күні Мәскеудегі Домодедово әуежайында ұсталған. Тергеу мәліметінше, актрисадан электронды темекі ішінде жасырылған 0,4 грамм каннабис майы табылған.
Бұл дерек бойынша есірткі құралдарын контрабандалау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және 1 миллион рубльге дейін айыппұл салу жазасын қарастырады. Мәскеу облысының соты актрисаға қатысты белгілі бір шектеу шараларын белгіледі.
Соңғы жаңалықтар





