ШҚО-да су құбырын жөндеп жатқан екі жұмысшы қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында апаттық жұмыстарды жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Іnformburo-ның мәліметінше, жұмысшылардың үстіне топырақ құлаған.
"Бүгін Үлкен Нарын ауданына апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде қайғылы оқиға орын алған жерге бардым. Топырақ құлаған. Нәтижесінде коммуналдық қызметтің екі қызметкері қаза тапты", – деді әкім.
Нұрымбет Сақтағанов еңбекті қорғау мәселелеріне жүйелі және жауапты көзқарас қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына материалдық қолдау көрсетілетініне сендірді.
"Бейінді ведомстволарға болған оқиғаға жан-жақты тергеу жүргізу және қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау тапсырылды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және жұмыскерлердің өмірін қорғау мәселелері ерекше бақылауда алынады", - деді әкім.
Соңғы жаңалықтар





