Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына ақшалай көмек берілетін болды 

27.02.2026 13:28 Әсел Мұрат
Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына ақшалай көмек берілетін болды 
143
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Бүгін түнде Щучинскте болған жойқын жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңгеден бір реттік көмек беріледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов мәлім етті

Әкімнің айтуынша, жарылысқа байланысты жедел штаб құрылған. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Шучинсктегі дәмханада болған жойқын жарылыстан 7 адам қаза тауып, 21 адам жараланған.

«Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі», - деді аудан әкімі.

Бұдан бөлек, марқұмдарды жерлеуге кететін барлық шығынды да әкімдік өз мойнына алады. Қазаға көңіл айтуға келген адамдардың туыстары мен жақындарына жатын орынды да әкімдік береді.

Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 адам Бурабай ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Олардың жағдайы – ауыр және аса ауыр халде.

  • 3 науқас травматология бөлімінде;
  • 8 адам амбулаториялық ем қабылдауда;
  • 6-ауы Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханаға эвакуацияланды.
Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий