Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандарға қатысты тың дерек шықты
Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандадың кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше қаза тапқан 7 адамның 6-ауы дәмханада жұмыс істеген.
Қаза тапқан 16 жастағы қыз сол кафеде жұмыс істейтін анасымен бірге болған.
Еске сала кетейік, Щучинск қаласында кафеде жойқын жарылыс болып, соңы өртке ұласқан.
Салдарынан 28 адам зардап шекті: 13-і – ауруханада, 8-і үйге жіберілді. 7 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы жасөспірім қыз бар.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, өрттен 10 адам құтқарылды. Өрт сөндірушілер дәмханадан көлемі әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллонын шығарды.
Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Айтуларынша, олардың көпшілігі термиялық күйік алған.
Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 3-тармағына сай, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет бойынша қозғалды.
Соңғы жаңалықтар