Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

27.02.2026 09:48 Әсел Мұрат
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
120
Фото: ашық дереккөз

Ақмолалық дәрігерлер Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккендердің жалпы саны – 26 адам. 7 адам қаза тапты, олардың 5-еуі оқиға орнында, тағы 2-еуі 26 ақпанда жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Алғашқыда 15 адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта 13 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. Алты зардап шеккен адам тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. Олардың көпшілігі әртүрлі дәрежедегі термиялық күйік алған. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында», - деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, 26 ақпан түнде Щучинск қаласында 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бірқабатты кафеде газ-ауа қоспасы жарылды.

Жарылыстың соңы өртке ұласқан. Салдарынан 7 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 16 жастағы қыз бар.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 8 газ баллонын сыртқа шығарды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий