Шуда қырық жастағы әйелді өз пәтерінде аса қатыгездікпен өлтіріп кетті
Жамбыл облысында әйел адамды айуандықпен өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Марқұмның пышақ жарақаттарына толы денесін Шу қаласындағы пәтерінен оның ұлы тауып алған. Анасы төрт күн бойы байланысқа шықпаған соң, ол Алматыдан әдейі келген. Полицияның мәліметінше, күдікті көп ұзамай анықталып, ұсталған. Ол – Шу ауданында тұратын 35 жастағы ер адам. Тергеу күдіктінің марқұммен таныс болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, алайда қылмыстың себебі әзірге жарияланбаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.
Тергеу органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізуде. ПД Жамбыл облысының тергеу басқармасы істің толық әрі объективті тергелетініне уәде берді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...