«Шығармашылығыммен таныс болмасаңыз, википедияға кіріңіз»: Құралай Анарбекова алған атағын сүйіншіледі

«Шығармашылығыммен таныс болмасаңыз, википедияға кіріңіз»: Құралай Анарбекова алған атағын сүйіншіледі
24.10.2025 18:44
0
50

Танымал актриса Құралай Анарбекова желдегі парақшасында сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Құралай Анарбекова мерекеге орай атақ алғанын айтты. 

"Тағы бір арманым орындалды — маған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Бұл — Республика күніне орай берілген мемлекеттік марапат.
Бұл жай ғана атақ емес — бұл менің ұзақ жылғы еңбегіме, сеніміме және сүйіспеншілігіме берілген баға. Әр фильм, әр жоба, әр оқиға — менің жанымның бір бөлшегі, қазақ киносына және елімізге деген махаббатымның көрінісі. Жаратқанға, отбасым мен достарыма, әрдайым қасымда жүрген командама шексіз алғыс айтамын.
Сонымен қатар, мәдениет пен өнерге қосқан еңбегімді жоғары бағалағаны үшін Президентімізге ерекше ризашылығымды білдіремін. 

Егер менің шығармашылығыммен әлі таныс болмасаңыз — Википедияға менің атымды теріп танысуға болады", - деп жазды ол. 

Актриса әрі продюсердің оқырмандары Анарбековаға сәттілік тілеп, түрлі пікір жазды

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий