Шығыс Қазақстанда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді

18.02.2025 13:01 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Шығыс Қазақстанда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді
0
148
ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен іс қаралды. Белгілі болғандай, ер адам 23 қаңтарда үйде бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызына былапыт сөздер айтқан.

18 жастағы қыз бұл туралы Тарбағатай аудандық полициясына хабарлады. Тексеру барысында айыпталушының «аса ауыр» алкогольдік мас күйде бола тұра, қызына жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталған. Соттың қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ақпаратта.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий