Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелге айыппұл салынды
Шымкент әуежайында тексеру барысында сөмкесінен оқ табылған жолаушы әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға тамыз айында болған. Жолаушы Шымкенттен Жезқазғанға ұшуы тиіс еді. Алайда тексеру аймағынан өту кезінде оның қол жүгінен тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі патрон табылды.
Сотта азаматша өз айыбын мойындап, байқаусызда оқты сөмкесіне салып алғанын және оның онда қайдан пайда болғанын білмейтінін түсіндірді. Криминалистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, бұйым зауыттық тәсілмен жасалған және атуға жарамды болып шықты.
Сот азаматшаны тіркелмеген ок-дәріні сақтағаны және тасымалдағаны үшін айыпты деп тапты. Алайда, жолаушының өз ісіне өкінгенін ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға төмендетті. Нәтижесінде ол 60 мың теңге төлеуге міндеттелді, ал тәркіленген оқ жойылатын болды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...