Шымкентте 16 жылдан бері іздеуде болған қылмыскер ұсталды
2009 жылдан бері іздеуде болған күдікті қолға түсті
Шымкент қаласының прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 16 жылдан бері халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Шымкент қаласының полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша аса ауыр қылмыс жасаған азаматты қолға түсірді.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылғы 9 қаңтарда күдікті "Астория" кафесі маңында атыс қаруын қолданып, аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жасырынып кеткен.
Осы уақытқа дейін ол халықаралық іздеуде болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары бұл істі толық зерттеп, қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...