Шымкентте егіз жігіттер егіз қыздарға үйленуге ұсыныс жасады
Шымкентте егіз жігіттер егіз қыздарға үйленуге ұсыныс жасады. Әлеуметтік желіде көпшіліктің көзайымына айналған жұп "Таңшолпан" бағдарламасына сұқбат берді.
Зәуре мен Фатиманың айтуынша, олардың егіз жігіттермен көңіл жарастырғанына үш айдың жүзі болған. Алайда арулар бір үйге келін боламыз деп мүлде ойламаған көрінеді. Олар тіпті жігіттердің үйленуге ұсыныс жасайтынын да білмедік дейді.
Біз хабардар болған жоқпыз. Топтағы қыздармен мейрамханаға барамыз деп ойлағанбыз. Бізді алдап шақырды. Жасымыз 18-де. Мамандығымыз – жалпы медицина, - дейді Зәуре мен Фатима.Ал егіз қыздардың жүрегін жаулаған Асан мен Үсен Қорғаныс министрлігінің грантымен білім алып жатыр.
Иә, Қорғаныс министрлігінің берген грантымен Өзбекәлі Жәнібеков университетінде оқимыз. 2-курс студенттеріміз. Жасымыз 20-ға келіп қалды. Келешекте әскери салада қызмет етеміз. Әскери адам болған соң болашағымыз қыздар шыдай ала ма, шыдай алмай ма, соған да байланысты, - дейді Асан мен Үсен. Бүгінде ерекше жұп тойға дайындықты бастап кеткен. Ал желі қолданушылары егіздерге бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...