Шымкентте ер адам туысын өлтіріп, марқұмның анасының есік алдына көміп кеткен

Шымкент тұрғыны өз туысын ұрып өлтіріп, бақшаға көміп тастаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Марқұмның денесі анасының бау бақшасында 1,5 жыл бойы жатқан. Күдікті Тимур, бұл оқиғаны еркін еске алды. Оның айтуынша, бәрі ішімдік ішуден басталып, көңілді отырыстың соңы жанжалға ұласқан.
Сөздері жараспаған ағайындылардың бірі соққыға жығылып, аяғы өліммен аяқталған. Мұнан соң, ер адам мәйітті көміп ештеңе болмағандай өмір сүрген. Ал анасы болса, баласын іздеп, полицейлерге шағым түсірген. Марқұм баласын күте күте шарған ана, өмірден өткен соң, сотталушы өз кінәсін мойындаған. Күдікті бұл әрекеті үшін 8 жылға сотталды. Ол №54 түзеу мекесінде жазасын өтеп жатыр. Қазір бұл істеген қылмысына өкініш білдіріп отыр.
«Адам өзіне байланысты, өзі өзгергісі келсе, өзгереді. Сыннан сабақ алады. Мен өзімді алар болсам, заңды талаптарын аттамай, дұрыс өмір сүруге үйреніп жүрмін. Бұл жерде тек тәртіп бар. Бәрі өз уақытымен. Әркім өзінің бұзақылығы жауап береді. Балабақша емес қой. Заң бұздың ба, жауап беруге міндеттісің. Менде барынша тырысып жүрмін. Тәртіпті сақта деді, сақтаймын», - деді сотталушы.
Сотталушы жазасының үш жылын өтеп үлгерді. Үйленген, баласы бар. Олармен уақытылы, заң талаптарына орай кездесіп тұрады.
Соңғы жаңалықтар





