Шымкентте хиджап киіп есірткі тасымалдаған әйел ұсталды
Шымкент қаласында хиджап тағып алған 1993 жылғы Түркістан облысының тұрғынынан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше жедел-профилактикалық іс-шара барысында күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келіге жуықтайтын мефедрон салынған төрт пакет табылған. Бұған қоса тәртіп сақшылары одан есірткіні бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттерді тәркіледі. Ал ұсталған азаматшаның жалдап тұратын пәтерін тінту кезінде әрқайсысы 5 грамнан тұратын тағы 32 орама синтетикалық зат шықты.
Сарапшылардың бағалауы бойынша қара нарықта бұл партияның бөлшек саудадағы құны 40 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің «Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау немесе тасымалдау» бабымен іс қозғалып күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
13:31
Маңғыстауда ұсталған екі шенеунік қамауға алынды
26.10.2026
13:22
Қазақстанда туған рэпер жазатайым оқиғадан кейі...
26.10.2026
13:10
Қызылордада жас жігітті өлтіріп кеткен: әпкесі ...
26.10.2026
12:15
Валюта айырбастаушыларды өлтіріп, мәйіттерін ау...
26.10.2026
11:52
Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша бөлі...
26.10.2026
11:46
Қазақстандықтардың тамаққа қанша жұмсайтыны жән...