Шымкентте мәйітхана қызметкері денені алу үшін туысынан 35 мың теңге талап еткен

29.10.2025 14:54 Арман Ермеков
Шымкентте мәйітхана қызметкері денені алу үшін туысынан 35 мың теңге талап еткен
0
933
фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық патологоанатомиялық бюросының қызметкерлері марқұмның денесін жерлеуге беру үшін туыстарынан ақша бопсалады деген айыпқа қалды. Бұл туралы ақпарат «ПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ» телеграм-арнасы жариялаған видеода айтылды, деп жазады POLITICO.KZ.

Видеодағы ер адамның сөзінше, қайтыс болған ағасының денесін Шымкенттің Нұрсат шағын ауданында орналасқан бюроға алып келген. Алайда, таңертең мәйітті алуға келгенде, қызметкерлер олардан 35 мың теңге сұраған. Ақша берілмесе, денені шығармайтынын айтқан.

«Түнде ағам қайтыс болған, Нұрсатқа алып келдік, түнде бермей қойды. Енді қазір шығарайын десек 35 мың теңге бер деп тұр. Бұл енді неге жанасады!? Адамның өзін саудалап, түнімен бермеген, қанымызды ішіп. Енді келіп тұр, үйтем-бүйтем 35 мың бер дейді. Бұған шара қолданасыздар ма, қолданбайсыздар ма, қалай болады? Сауда болып кетті ғой барлық жерде», - дейді видеодағы ер адам ашынып.

Кадрларда мекеме алдына көлік келіп тоқтайды, ішінен бір ер адам түсіп, ғимаратқа кіріп кетеді. Автордың айтуынша, ол мекеме өкілдерінің бірі болуы мүмкін.

Ер адам марқұмның жаназасы бірнеше сағаттан кейін болатынын, Шәуілдірден көп адам күтіп отырғанын айтып, осы заңсыз әрекетке қатысты тиісті шара қолдануды сұрады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий