Шымкентте полиция басшысының орынбасары әріптесін зорлады деген ақпарат тарады

Шымкентте полиция басшысының орынбасары әріптесін зорлады деген ақпарат тарады
30.06.2025 12:15
0
286
Фото: freepik.com

Шымкенттегі аудандық полиция басшысының орынбасары әріптесін зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Желіде Шымкентте болған сұмдық жағдайға қатысты ақпарат тарап, елдің жағасын ұстатты. Еңбекші аудандық полиция бөлімінде дау шықты.  Жазбада жәбірленушінің жүкті болып қалғаны айтылған. “Зорлау” бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны анық болды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркеліп, тергеуді Тұран ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

«Әйел адамның шағымы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала дерек бойынша, жәбірленуші мен күдікті бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес шешім қабылданады»,  деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий