Шымкентте тәрбиеші баланы аяусыз ұрып-соққан
Әлеуметтік желіге Шымкенттегі жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып-соққаны туралы видео тарады. Видео авторының хабарлауынша, оқиға Шымкенттегі «Сүлеймен» жекеменшік балабақшасында болған.
Бейнежазбадан тәрбиешінің төсекте жатқан баланы белгісіз затпен ұрғанын байқауға болады. Ары қарай оны аяғынан ұстап, бөлменің ортасына сүйреп апарған. Одан кейін басынан ұрған. Қасында жатқан бала төсегінен тұрып, тәрбиеші ұрып жатқан бүлдіршінге көмектеспек болады. Бірақ тәрбиеші оны да ұрып, төсегіне қайта жатқызған.
Болған жағдайға қатысты Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасап, тәрбиешінің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауында, – деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...