Шымкенттегі зообақта түйеқұсты тепкен ер адамға іздеу салынды
403
Шымкентте зообақта жайылып жүрген түйеқұсты тепкен ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ер адам қауіпсіздік ережелері мен «қоршаудан өтуге болмайды» деген нақты ескертуге қарамастан тәртіп бұзған.
Оқиғаға байланысты зообақ басшылығы келушілерге үндеу жасады.
«Бұл – жабайылық. Жануарлар – ойыншық емес. Олар тірі, сезеді, қорқады, күйзеліске түседі, ауырсынады. Егер жануарларға жанашырлығың жоқ болса – оларға жолама. Мазалама. Зиян келтірме. Оқиға басқа бір келушінің телефонына түсіп қалған. Бұл адамды таныған болсаңыз, бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінеміз. Жануарларға құрмет – адамгершіліктің белгісі», - дейді Шымкент зообағы.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...