СІМ Германияда ұсталған Қазақстан азаматына қатысты ресми мәлімдеме жасады

29.04.2026 19:54 Қарақат АСЫЛОВА
СІМ Германияда ұсталған Қазақстан азаматына қатысты ресми мәлімдеме жасады
218
Фото: GOV.kz
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан азаматының тыңшылық күдігімен ұсталуына байланысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Politico.kz.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта Германияның құзыретті органдарынан ресми жауап күтілуде. Осыған байланысты Қазақстан тарапы тиісті сұрау жолдаған.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметтерге сәйкес, Германияда Қазақстан азаматының заңға қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталу фактісі бойынша Германия тарапына ресми сұрау жіберілді. Қазіргі таңда жауап күтілуде. Мәселе Министрліктің бақылауында», – делінген Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін неміс БАҚ-тары Берлинде Қазақстан азаматы Сергей К. әскери нысандарды суретке түсіріп, Ресей барлау қызметіне ақпарат берген болуы мүмкін деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол Германия аумағында әскери колонналар мен қорғаныс кәсіпорындары туралы мәліметтер жинаған.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда, сот бұлтартпау шарасын қарастыруы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий