“Сирек араласатын”: Бердібек Сапарбаевтың ұлы жан сырын ақтарды
2022
Белгілі шенеунік, мемлекет қайраткері марқұм Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне арнап естелік жазба жариялады. Ол әкесінің қандай әке болғанын еске алды деп хабарлайды Politico.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
"Әкем менің шешімдеріме сирек араласатын. Артық сұрақ қоймайтын. Шешім шығаруға асықпайтын. Менің әрекеттеріме мән беретін. Менің жауапкершілігіме қарайтын. Сөзімде тұрам ба, айналамдағы жандарды қалай таңдаймын - соған назар аударатын. Оған менің сөзім емес, қалай өмір сүргенім маңызды болды.
Оның бұл әрекетін тек өзім әке болған кезде ғана түсіндім. Кейде үздік тәрбие - таңдау жасауға кедергі келтірмеу.
Әке әрқашан қолыңнан ұстап жүрмейді. Кейде ол жаныңда тұрып, өзің жүруге қауқарың бар ма деп қарап тұрады", - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...