"Әсіресе ерлерге керек": Қан донорлары инфаркт пен инсульттың алдын алады
367
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев үнемі донор болып, қан тапсырып жүретін адамдарға донорлықтың пайдасы мол екенін жеткізді,-деп хабарлайды politico.kz
Бірінші тапсырғанда стресс болады. Содан кейін ағза оған үйренеді. Үнемі донор болатын адамдардың асқазан-ішек жолдары жақсы жұмыс істейді. Сонымен қатар қан тамырларына байланысты аурулар азаяды. Жылына 3-4 рет қан доноры болатын адамдарда 80-85 пайызға инфаркт, инсульт аурулары жойылады. Бұл – ғылыми түрде дәлелденген факт, - деді ол.Дулат Имашпаев дүние жүзі бойынша қан донорларының 70 пайызы ерлер екенін айтты. Сондай-ақ әйелдермен салыстырғанда ерлерге қан доноры болу әсіресе қажет екенін атады.
Негізінен әйелдердің қаны ай сайын жаңарып тұрады. Ал ер адамдарда ондай жоқ. Сондықтан ер адамдарға негізінен жылына 3 рет қан тапсырып тұру керек, - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...