Скляр Hyundai Motor Group компаниясының басшылығымен кездесті

Скляр Hyundai Motor Group компаниясының басшылығымен кездесті
  Бірінші вице-премьер Роман Скляр Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ким Донг Вукпен кездесті.  Жүздесуде Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытудың негізгі мәселелері қаралды,-деп хабарлайды politico.kz Тараптар шетелдік инвестордың Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған локализация саясатына белсенді қатысуын талқылады. Компания Қостанайда қуаттылығы жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт салып жатыр.   
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу