Скляр СҚО-дағы компания басшыларын су тасқыны жұмыстарына көмектесуге шақырды
373
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс және жол-құрылыс компаниялары өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында Роман Скляр бизнес өкілдерінің назарын ауыл тұрғындарының өміріне, өңірдегі әлеуметтік және стратегиялық нысандарға төнген қауіптің алдын алу мақсатында су тасқынына қарсы жұмыстарды ұйымдастыру үшін шұғыл түрде бірлесе әрекет етіп, қолда бар барлық күш пен арнайы техниканы жұмылдыру қажет екенін атап өтті.
СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің мәліметінше, облыс әкімдігі тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандар салып жатқан өңірлік жол және құрылыс компанияларын су тасқынына қарсы жұмыстарға тартты. Оның сөзінше, кәсіпкерлер техникадан бөлек, қажет болған жағдайда арнайы техниканы резервтегі ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге ниет білдірген.
Роман Скляр компания басшыларына техника мен адам күштерін тартудан бөлек, өздерінің де объектілердегі бақылау және үйлестіру жұмыстарының басы-қасында болуын тапсырды
Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Үкімет басшысы мен оның орынбасарлары су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру үшін өңірлерде жүргенін және жағдайды Президент жеке бақылауында ұстап отырғанын еске салды.
«Қазір қаланы қорғау керек. Алдағы күндері осы міндетті ойдағыдай атқарғаннан кейін, көмек қажет болып жатқан өңірлерге, аудандарға ауысамыз. Сол себепті бәріміз бір адамдай жұмылып, су тасқынына қарсы жұмыстарға дереу кірісуіміз қажет. Баяу және ретсіз жұмыс істеуге болмайды. Барлық жұмысты орындауға үш күніміз ғана бар», — деді Роман Скляр.
Соңғы жаңалықтар
24.02.2026
19:07
Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген к...
24.02.2026
17:38
Талғардағы оқушы қызды зорлау ісі: анасы Презид...
24.02.2026
17:24
«Тым қатаң жаза»: Яна Легкодимованың өліміне кі...
24.02.2026
17:07
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ...
24.02.2026
16:08
ҰҚК полковнигі сотталды
24.02.2026
15:02
Пәтер мен 20 миллион ұсынған: Қыз зорлады деген...