Соғыстан қашқан украиналық отбасы Израильде зымыран соққысынан қаза тапты

21.06.2025 15:35 Мөлдір Талғат
Соғыстан қашқан украиналық отбасы Израильде зымыран соққысынан қаза тапты
428
ашық дереккөз

Израильге баласын емдету үшін көшіп келген украиналық отбасы ирандық зымыран соққысы кезінде қаза тапты.

2025 жылдың 14 маусымына қараған түні Израильдің Бат-Ям қаласында (Тель-Авив маңында) тұрғын үйге ирандық баллистикалық зымыран соғылды. Зымыранның астында Украинадан, нақтырақ айтқанда Одесса қаласынан келген отбасы қалып қойды. Олардың арасында ауыр онкологиялық дертке шалдыққан 7 жастағы Настя есімді қыз да болған.

NEXTA.live ақпараты бойынша, Қыздың әкесі – Украина Қарулы күштерінің әскери қызметкері – Украинада қалып, баласының еміне қаражат жинауды жалғастырып жатқан.

Апат салдарынан 30 жастағы Мария Пешкурёва, оның 7 жастағы қызы Настя Бурик, Марияның анасы – 60 жастағы Елена, және екі жиені – 9 жастағы Константин мен 7 жастағы Илья қаза тапты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий