"Сол жақ омырауымда": қазақстандық танымал блогер қатерлі ісікке шалдықты

21.08.2025 11:01
0
571
instagram.com/dinara_rkh/

"Барби" атанған қазақстандық блогер, модель Динара Рахымбаева денсаулығының сыр бергенін айтты. Бұл туралы POLITICO.KZ  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Желі жұлдызы жеке парақшасында денсаулыққа қатысты видео жариялады. 

“Ең маңыздысы жоспарлы түрде медициналық тексеруді ұмытып кетпеңіз. Мен тексерілгенде сол жақ омырауымнан 4 сантиметр ісік табылды. Енді маған жүйелі ем тағайындалды. Ал, сіздер жиі тексеріліп жүріңіздер”, – деп үндеу жасады блогер. 

Блогердің оқырмандары оның тез жазылып шығуына жүрекжарды тілектерін білдіріп жатыр. 

“Тез жазылып шығыңыз”, “Менің әпкем осы дерттен көз жұмған. Сіз жеңіп шығыңыз”, “Уайымдама, бұл сынақтан да өтесің”, “Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген осы”, – деп жазды көпшілік. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий