«Соңғы 3 күн асықты»: Базарбек жол апатынан зардап шеккен адам туралы ауруханадан видео жариялады

17.09.2026 09:26 Әсел МҰРАТ
 «Соңғы 3 күн асықты»: Базарбек жол апатынан зардап шеккен адам туралы ауруханадан видео жариялады
209
Фото: видеодан скрин

Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан жарақат алған Нұржігіт есімді азамат емделіп, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Экс-депутат оны медициналық мекемеден өзі шығарып алып, бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Жарияланған кадрлардан Нұржігіттің ауруханадан шығып, үйіне бет алғаны көрінеді. Бақытжан Базарбек оның жанында бірге жүргенін байқауға болады.

«Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейіндік ауруханасынан шығардық. Нұржігіт соңғы 3 күн бойы емханадан шығуға асығып отырған. Міне, 31 күні емханадан аман сау шығып отыр», - деп жазды экс-депутат.

 Жол апаты қалай болды?

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді.

Апат Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговой ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, осы жол учаскесінде көлік малды қағып кеткен. Жолда қалған жануардың өлексесін алып тастау үшін бір азамат көлігінен түскен.

Осы кезде оны Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі қағып кеткені айтылған. Жол апатынан азамат ауыр жарақат алған.

Оқиғадан кейін экс-депутат алғаш рет мәлімдеме жасап, істің қазіргі уақытта тергеліп жатқанын айтты. Осыған байланысты жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын ашық жариялай алмайтынын жеткізді.

Бақытжан Базарбек көпшілікті тергеу қорытындысын күтпей тұрып, оқиғаға қатысты асығыс пікір білдірмеуге және нақты дерекке сүйенуге шақырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий