Сот Ақтау прокурорының әрекетінен заң бұзушылық таппады
Ақтау қаласының мамандандырылған соты қала прокуроры Ерболат Әбдіровтің әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық құрамын таппады. Осылайша, Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ақ Жайыққа сілтеме жасап.
Соттың қаулысына сәйкес, Әбдіров қоғамдық орында балағат сөздер айтпаған, басқа адамдарға тиіспеген және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасамаған. Іске қатысты екі бауырлас куәгер сотта олар мен прокурор арасында ешқандай жанжал болмағанын және оған ешқандай шағымдары жоқ екенін айтқан.
Еске сала кетсек, оқиға 27 тамызда Алматы әуежайында болған. 28 тамызда әуежайдың желілік полиция бөлімінің қызметкері Әбдіровке қатысты әкімшілік хаттама толтырған. 9 қыркүйекте оның ұсталғаны туралы хабар тараса, 10 қыркүйекте Маңғыстау облысының прокуратурасы оған қатысты қызметтік тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген болатын.
Судья Иниятулла Досетов 10 қыркүйекте әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
16:03
Астанадағы балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сор...
27.10.2026
15:54
Павлодарда волейболшы қызды ұрған жаттықтырушы ...
27.10.2026
14:23
«Адам тағдыры тұр»: Руслан Өтепбай сұмдық жайтт...
27.10.2026
14:15
Полиция формасын киген баланың әкесіне неге айы...
27.10.2026
13:57
Атырауда әйелдер дәретханасына сығалаған жігітк...
27.10.2026
13:14
Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс