Сот «Атамекеннің» экс-басшысы Абылай Мырзахметовтің жазасын жеңілдетті

13.07.2026 10:04 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Сот «Атамекеннің» экс-басшысы Абылай Мырзахметовтің жазасын жеңілдетті
326

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты сот үкімі өзгеріп, оның жазасы жеңілдетілді. Бұл туралы SHYNDYK.KZ порталы хабарлайды, деп жазады Politico.kz.

Дереккөздерінің мәліметінше, алаяқтық жасады деген айыппен істі болған Мырзахметов қазір колонияда емес. Ол жазасын үй жағдайында электронды бақылаумен өтеп жатыр. Осы ақпаратты тексеру үшін тілшілер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдаған. Комитет экс-басшының жазасы расымен де жеңілдетілгенін растады.

"Сот шешімімен оған тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылды. Сотталғандарға қатысты істі қарау және шешім қабылдау тек сот органдарының құзыретіне кіреді", – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында сот Абылай Мырзахметовті аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оны 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ сот экс-басшының 5,8 млрд теңге көлеміндегі мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарған еді.

Айта кетсек, жақында бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығынан айырудан айыппұл төлеуге ауыстырылған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий