Сот экс-президентті үй қамағына алуды тапсырды

Сот экс-президентті үй қамағына алуды тапсырды
05.08.2025 12:14
0
613
Фото: freepik.com

Бразилияның жоғарғы соты бұрынғы президент Заир Болсонарды үй қамағына жіберді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Сот экс-президентке ұялы телефонды пайдалануға тыйым салды. Сонымен қатар ол сөйлесуге болатын адамдар санын шектеді.

Судья Александр ди Мораес үкімді 3 тамыз күні шығарды. 70 жастағы экс-президентте 2022 жылғы сайлауда жеңіске жеткен қарсыласының үкіметін құлату үшін қастандық жасады деген айып тағылды. Айыптауға сәйкес, 2023 жылдың 8 қаңтарында экс-президенттің жақтастары Бразилиядағы конгреске, Жоғарғы сотқа және президент сарайына шабуыл жасады.

Тергеу ұзаққа созылып, ақыр соңы бұрынғы президент айыпты болып шықты. Судья оған электронды білезік киюді, түнгі үй қамауын сақтауды міндеттеді. 

Экс-президент «демократиялық құқықтық тәртіпті жоюға ұмтылды» деген айыптауды жоққа шығарды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий