«Сотқа беремін»: Нұрайым Шақимерген өзін сынағандарға жауап берді

06.11.2025 22:24 Берік Арманов
«Сотқа беремін»: Нұрайым Шақимерген өзін сынағандарға жауап берді
0
84

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтың тоқалы делінген Түркістан облыстық маслихатының 25 жастағы депутаты Нұрайым Шақимерген әлеуметтік желіде өзіне жала жапқандарды сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Журналист Айдос Тұрғанға берген сұхбатында Нұрайым Шақимерген алғаш рет әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған депутат Темір Қырықбаевпен қарым-қатынасына қатысты ақпаратқа ашық пікір білдірді. Шақимергеннің айтуынша, желідегі тараған ақпарат оған қысым көрсетудің бір түріне айналған. Ол болып жатқан жағдайды кибербуллинг деп бағалап, өзін саясаттан шеттетуге бағытталған әрекет деп санайды.

Сұхбат барысында Шақимерген мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевқа тұрмысқа шыққанын растады.

Оның айтуынша, олардың қарым-қатынасы сайлаудан кейін басталған, қазір ерлі-зайыптылардың ортақ баласы өсіп келеді.

“Тұрмыс құрғаныма екі жыл болды. Онымен сайлаудан кейін таныстым, ортақ баламыз бар. Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Арамызда 15 жас айырмашылық бар, бірақ бұл бізге кедергі емес”, – деді депутат.

Шақимерген өзіне депутаттықтың “сыйға берілгені” туралы сыбыстарды қисынсыз деп атады. Сондай-ақ әйел өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарға қарсы сотқа шағым дайындап жатқанын мәлімдеді.

“Ақпарат өте көп, бәрі сотта анықталады. Мен сот процесі ашық форматта өткенін қалаймын, блогерлер мен журналистер кімнің кім екенін көрсін. Мен сияқты өз жолын тапқан жастарда осындай жағдайлар қайталанбасын. Қазақстанның әділ сотына сенемін. Бұл жолы мәселе тікелей менің жеке басыма қатысты”, – деді Шақимерген.
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий