Сотта Хасан Қасымбаевқа қатысты сұмдық ақпарат айтылды

Сотта Хасан Қасымбаевқа қатысты сұмдық ақпарат айтылды
21.08.2025 12:25
0
604
Фото: әлеуметтік желі

Талғарда ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталып жатқан Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарына қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Айыпталушылар қатарында Қасымбаевпен бірге Руслан Алиев, Мәдиyar Қалимжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков және Данияр Асқаров бар. Оларға "Адам ұрлау", "Қасақана ауыр дене жарақатын салу" және "Қорқытып алу" баптары бойынша айып тағылған.

Сотта жәбірленуші, фитнес жаттықтырушы әрі ММА спортшысы Арман Алимов Қасымбаевты бұрыннан танитынын, ал қалған айыпталушыларды тек ұрлау кезінде алғаш рет көргенін айтты.

Қасымбаевтың адвокаты Ерлан Мендешев сотқа істі тоқтату туралы өтініш берді. Оның айтуынша, тергеу барысында бірқатар процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берілген. Мәселен, Қасымбаевқа қатысты іс 2024 жылы 25 қазанда заңсыз тіркелген. Ал қалған айыпталушыларға қатысты сот үкімі бұған дейін 18 шілдеде шығып, заңды күшіне енген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий