Сотта тәртіпсіздік шығарған әйел жауапқа тартылды

Сотта тәртіпсіздік шығарған әйел жауапқа тартылды
Сот отырысындағы агрессия әкімшілік жауапкершілікке әкелді

Сот Шерзат Полат ісі: Сотта тәртіпсіздік жасаған әйел жауапқа тартылды

Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сотталған азаматтың туысқаны сот отырысында агрессивті мінез-құлқы үшін жазаланды.

Кеше жарияланған сот үкімінен кейін сотталғандардың кейбір туыстары сот шешімімен келіспей, тәртіпсіздік орнатқан.

Полиция департаментінің хабарламасында:

"Балағат сөздер айтып, агрессия көрсеткен туыстардың бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті сот төрелігіне қысым жасауға жол берілмейтінін баса айтады. Сот шешімдерінің орындалуына кедергі келтіруге немесе сотқа құрметсіздік танытуға бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылады", – делінген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу