"Сөйлемейді". Бір апта бұрын жоғалған 7 жасар баланың денесі табылды
954
Шешен Республикасының Надтерек ауданында өткен жұмада жоғалған 7 жастағы Джабраил Мудаевтың денесі Терек өзенінен табылды. Бұл туралы өңірлік ТЖМ Telegram-арнасы хабарлады.
Бала 8 тамыз күні Шешенстандағы Верхний Наур ауылында үйінен шығып кетіп, белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, Джабраил ата-анасымен бірге тұрған үйдің қоршауынан асып өтіп, белгісіз жаққа бет алған.
Оны іздеу жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, аудан әкімдігі өкілдері және еріктілер қатысқан. Іздеу орман аумақтары мен Терек өзені маңында жүргізіліп, бақылау бекеттері Надтерек, Наур және Грозный аудандарында қойылған.
Құтқару тобы мен ТЖМ қызметкерлері баланың ата-анасына қайғыра көңіл айтты.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...