"Спорт және махаббат". 27 жыл сахнада жүрген әнші сырын ашты

21.05.2025 21:00
0
86
Кадр: YouTube / Marat Oralgazin

Қазақстанның танымал әншісі Дастан Оразбеков «Қызық Times» бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің шымыр әрі тартымды болу сыры мен махаббатқа деген ерекше көзқарасын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бағдарлама жүргізушілері әншінің спортпен қалай айналысатынын сұрап, оның денсаулығы мен сырт келбеті жайлы қызықты сұрақтар қойды. Дастанның айтуынша, оның спортқа деген ерекше ынтасы және махаббаты оның формасын сақтауға көмектеседі.

«Қазы жесең, ет жесең, сосын дене шынықтырумен айналысу керек. Қазір мен триатлонмен айналысамын. Күнара екі шақырым жүземін, аптасына үш рет 40 километр велосипед тебемін, 10 километр жүгіріп жүрмін», — деді ол.

Сонымен қатар, Дастан жарына бәстескенін де жасырмады: «Егер мен осы уақытта осынша килограмм тастамасам, саған осынша қаражат ұтыламын дедім. Ол үшін қаражаттың сомасы үлкен болуы керек, өйткені іш ашу керек».

Әнші биыл өзінің жарына деген махаббаты ерекше еселенгенін айтып, «краш болу үшін спорттан бөлек, махаббат та керек» деді.

«Жарыма деген сезімім ашылып жүр. Екі бейнебаянды бірге түсірдік. Жарым — менің үйімдегі музам, сол себепті оны бейнебаяндарда жиі көрсетемін», — деді ол.

Дастан Оразбековтің бұл сөздері оның жанкүйерлеріне де жағымды әсер етіп, махаббат пен спорттың шынайы үйлесімі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий