Степногорск қаласында әйел адам сатушыға пышақпен шабуыл жасады

27.05.2026 • 16:12 Мөлдір ҚАЙНАР
Степногорск қаласында әйел адам сатушыға пышақпен шабуыл жасады
902
Фото: istock

Степногорск қаласындағы дүкендердің бірінде әйел адам сатушыға пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға сауда залында, сатып алушылардың көзінше болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, сатушы ауыр жарақат алмаған. Ақмола облысының полиция департаменті аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдіктінің жеке басы анықталып, медициналық мекемеге орналастырылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий