Степногорск қаласының жылу электр орталығында апат орына алды

Степногорск қаласының жылу электр орталығында апат орына алды
27.08.2025 08:46
0
134
Степногорск қаласындағы ТЭЦ

СТЕПНОГОРСКТАҒЫ ТЭЦ-ТА БІР ЖҰМЫСШЫ ҚАЗА ТАУЫП, ҮШЕУІ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.

Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында(ТЭЦ) қайғылы оқиға болды. Кәсіпорын аумағындағы жөндеу жұмыстары кезінде мердігер ұйымның бір қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Кеше, 26 тамызда Степногорск ЖЭО-да болған апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Оқиғаны кәсіпорынның баспасөз қызметі растады. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, полиция қылмыстық іс қозғады.

Кәсіпорын таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға №2 қазандық агрегатындағы су экономайзерін бөлшектеу жұмыстары кезінде болған. Зардап шеккендер – мердігер ұйымның жұмысшылары.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия өз жұмысын бастады. ТЭЦ басшылығы қаза болған жұмысшының отбасына және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, Ақмола облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий