Студент қыздар жігіт үшін төбелесіп, ұятқа қалды

04.12.2025 23:05 Берік Арманов
Студент қыздар жігіт үшін төбелесіп, ұятқа қалды
0
54
Фото: видеодан скрин

Алматыдағы Рузуддинов атындағы жоғары медициналық-стоматологиялық колледжде бір топ студент қыз дәретханада өз құрбысына жаппай күш қолданған, деп хабарлайды POLITICO.KZ  Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі Жасмин Құлиева хабарлады.

Айтуынша, үш қыз студентті алдын ала камера орнатылмаған дәретханада тосып тұрған. Олардың бірі ешкім кірмесін деп есікті ұстап тұрған. Құрбысын арт жағынан соғып, кейін ұрып-соғып, тепкілеп, бетіне тырнаған.

Әпкесінің айтуынша, жанжалдың себебі – қызғаныш. Шабуылдағандардың біріне колледждегі бір жігіт ұнаған, ал ол жігіт жәбірленушіге қызығушылық танытқан көрінеді. Өзі болса, бұл қыздарды мүлде танымайтын болған.

Жәбірленуші қазір балалар ауруханасында жатыр. Оның миы шайқалған, көру қабілеті нашарлаған, бірнеше рет есінен танған.

Сондай-ақ әпкесі колледж әкімшілігі оқиғаны жасырмақ болғанын айтады. Олар ата-анасын хабардар етпей, көмек те көрсетпеген. Оның сөзінше, бөлім меңгерушісі оқудан шығарумен қорқытып, ата-анасының рұқсатынсыз кәмелетке толмаған қызды психологқа апарып, түсініктеме жаздырмақ болған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий