Су басқан өңірлерде стратегиялық объектілер қорғауға алынды
288
Су басқан өңірлерде қауіпсіздікті қамту мақсатында Ішкі істер органдарының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс режиміне көшті.
Оның айтуынша, жағдай ушықса басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылады. Айта кетсек, қазір су тасыған өңірлерде 20 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті бақылауда.«Су басқан өңірлердегі жол қауіпсіздігі ерекше назарда. Республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде жүруге шектеу қойылды (Ақмола – 1, Ақтөбе – 1, Атырау – 2, Қостанай – 3, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, СҚО-5). Су басқан аймақтардан полицияның арнайы ұйымдасқан колоннасымен 5 мың автокөлік шығарылды. Сондай-ақ, стратегиялық объектілер қорғауға алынды. Бүгінде су тасқынының алдын алу және салдарын жою іс-шараларына Ішкі істер органдары мен әскери қызметшілердің барлығы жұмылдырылды», - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ОКҚ-де өткен брифингіде.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...