Су тасқынынан зардап шеккен 1054 ақмолалыққа біржолғы төлемдер жасалды
408
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен 1054 адамға біржолғы төлемдер жасалды. Сонымен бірге 74 отбасына жөндеу жұмыстарының шығындары өтелді.
Өңірде су тасқынының кезеңі аяқталып келеді. Өзендердегі судың деңгейі біртіндеп төмендеп, елді мекендерді су басу қаупі сейілген. Ал су басқана екі әлеуметтік нысанда (Атбасардағы мектеп және Көкшетаудағы балабақша) толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, атқарушы органдар, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы, сондай-ақ, волонтерлар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.«Өңірде су тасқыны кезінде барлық ресурстар жұмылдырылды. Елді мекендерді қорғау үшін жалпы ұзындығы 45 км топырақтан бөгеттер тұрғызылды, 18 км өзендердің жағалауы нығайтылды. Инертті материал толтырылған 330 мыңға жуық қап төселді. 3,5 млн текше метр су сорылды, он екі өзеннің 53 учаскесінде мұз кептелістері жойылды», - деді су тасқынының зардаптарын жою бойынша өткен жиында аймақ басшысы Марат Ахметжанов.
«Соның арқасында қауіпті аймақта орналасқан 95 елді мекенде 8 мың үйдің су басуына жол берілмеді. Ендігі кезекте, су тасқынының нақты қауіп өткен соң оның зардаптарын жоюға кірісеміз. Облыстың барлық аудандары мен қалаларында материалдық залалды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды және келтірілген мүліктік залалды бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар тартылды. Сонымен қатар, облыстық деңгейде апелляциялық комиссия құрылды, мәселен, тұрғындардың бірі бағалау комиссияларының шешімімен келіспесе, өз құқықтарын бұзылған деп санаса, ықтимал даулы мәселелерді осы комиссия арқылы реттеуге болады. Барлық зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлемдер төленеді, оны 1054 адам алды. Ақкөл, Аршалы, Ерейментау, Жақсы, Зеренді және Целиноград аудандарындағы 74 отбасына үйлерін жөндеуге жұмсалған жұмыстардың шығындары өтелді. Су басу аймақтарынан 28 мың бас мал құтқарылып, иелеріне қайтарылды», - деп қосты Марат Ахметжанов.
Соңғы жаңалықтар
20.03.2026
20:03
Аты аңызға айналған Чак Норрис қайтыс болды
20.03.2026
19:18
«Атыраулық хакер» туралы жаңа деректер шықты
20.03.2026
18:13
Актёр Асқар Жұмабек жұмыста қызды ұрып тастай ж...
20.03.2026
18:09
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон ...
20.03.2026
17:55
Астана мен Алматыда жалған медициналық анықтама...
20.03.2026
17:47
Атырауда алты айлық сәби аурухана дәлізінде шет...