Суға батып кеткен екі жастағы қыздың суреті тарады
973
Әзербайжанның Загатала ауданының Юхары Тала ауылында қайғылы оқиға орын алды. Екі жасар Сафия Исмайылова отбасымен демалып жүрген кезінде өзенге құлап, батып кетті.
Oxu.Az мәліметінше, оқиға күндізгі уақытта Тала өзенінің Юхары Тала ауылынан өтетін бөлігінде болған. Аудан тұрғыны Эфенди Исмайылов отбасымен өзен маңында демалып жүрген сәтте, 2023 жылы туған қызы Сафия Исмайылова бір сәт назардан тыс қалып, суға құлап кеткен.
Баланы судан іздеу жұмыстары нәтижесінде шығарып алып, дереу оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Сафия Загатала орталық аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмір белгілері жоқ екенін анықтады.
Аталған факт бойынша Загатала ауданы прокуратурасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
23:13
«Мұздай су толған ашық құдық»: Көкшетауда қаза ...
09.10.2026
22:15
«Луганскіге бара жатқанда ойланбады ма?»: Блоге...
09.10.2026
21:26
Яндекс сервистері неге дұрыс істемей жатыр? Ком...
09.10.2026
20:20
Ақмола облысында жер бөлу кезінде жалған анықта...
09.10.2026
19:52
Каспий табиғатын сақтау мақсатында халықаралық ...
09.10.2026
19:35
"Бетім көгермесін деп иығымды тостым". Тележүрг...