«Суға батырып, аяғын сүйгізген»: Әкімдік қызметкері қамауға алынып, жұмыстан шеттетілді

16 жастағы қызға қысым көрсетті деген Масақ ауылдық округі әкімдігінің күдікке ілінген қызметкері жұмыстан шеттетілді,деп хабарлайды POLITICO.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, екі әйел 16 жастағы қызды үйінен алдап шығарып, ұрлап әкеткен.
Жәбірленушінің анасының айтуынша, бұл әрекеттерді жасауға әйелдің қызғанышы себеп болған. Ол қызды кездесуге шақырған. Одан соң олар шылым шегіп, тұқылын қыздың қолы мен аяғына басады. Мұнымен де тоқталмай, оны өзен жағасындағы иен жерге апарып, "қалыңдық" қызды соққыға жыққан, бірнеше рет басын суға батырған және аяғын сүйгізген. Құрбысы бұл сәттердің бәрін видеоға түсірген.
Одан кейінгі жағдай ақылға сыймайды: ересек әйелдер қызға таяқты пайдаланып зорлық көрсетуді ұйғарған. Барлық азаптаудан соң қызды үйіне әкеліп тастап, егер біреуге айтса, видеоны барлық таныстарына жібереміз деп қорқытқан.
Жәбірленушінің анасының айтуынша, қызы жағдайды ішінде сақтап, жасырын түрде тыныштандыратын дәрілер ішкен, бірақ ақыр соңында шыдамай, бәрін айтып берген.
Сол күні анасы полицияға арыз жазған. Күдіктілер – 1996 жылы туған екі әйел. Дереккөздер мәліметінше, олардың бірі ауылдық округ әкімдігі аппаратында компьютерлік жүйелер операторы болып жұмыс істейді.
Алматы облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады және күдіктілердің ұсталғанын, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Екі әйел уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Әкімдік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті 2021 жылдан бері Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының компьютерлік техника операторы болып жұмыс істейді.
"Лауазым мемлекеттік қызметке жатпайды, техникалық қызметкерге жатады. Қазіргі уақытта әйел қамауда отыр және сот шешімі шыққанға дейін жұмысынан уақытша шеттетілді", – деп хабарлады әкімдік.
Соңғы жаңалықтар





