«Сүймеген еркекпен он жыл бірге тұрдым»: Индира Елемес жылап қалды
Танымал әнші Индира Елемес Kezdesu жобасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті.
Өнер иесі он жылдан астам бірге тұрған жұбайымен ажырасу процесі жүріп жатқанын ашық айтты. Әншінің сөзінше, бұл шешім 2022 жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе болған.
«Ажырасу мәселесі 2022 жылдан бері келе жатыр. Мен ешкімнің жеке меншігі емеспін. Ол адамда басқаша ой болды. Он жыл бойы солай өмір сүргеніме өзім таңғаламын», – деді Индира Елемес.
Әнші сұхбат барысында некесі мен өмірлік таңдаулары туралы да ашық айтты.
«Той болған жоқ. “Дубайда болсын” деп ұсынды. Мен “жоқ” дедім. Өйткені мен ол кісіні жақсы көрген жоқпын. Ол кісі оны жақсы біледі. Бастапқыда айттым, соңында да айттым. Мен еш уақытта жақсы көрмегенмін. “Жақсы көрген адамыма ғана ақ көйлек киіп, тұрмысқа шығамын” деп айтқанмын. Бірақ олай болмады. Он жылдан аса уақыт сол кісімен тұрдым. Ер азамат болғаннан кейін сыйладым. Біз қалай келістік, ол сол сөзінде тұра алған жоқ», – деді әнші.
Индира Елемес бұл кезеңді өміріндегі ең үлкен сынақтардың бірі деп атап, алдағы уақытта тек шығармашылығына ден қойғысы келетінін айтты. Әншінің жан сырын ақтарған сұхбаты желі қолданушылары арасында үлкен қолдау тауып, көпшілік оған рух беріп, жаңа өмірінде сәттілік тіледі.
Соңғы жаңалықтар