«Сыра?»: Төреғали Төреәлінің тағы бір шулы видеосы тарады

Желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің Алакөлдегі концертінен видео тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ол концертке келген тырмандарының бірінің сұрағына жауап қайтарған.
"Сыра әкеп беремін бе, дейсің бе? Жоғи, қойғанмын, қойдым ғой. Кеше тоқтаттым деген жоқпын ба! Ұят қой. Тағы да Алакөлге келіп, ішіп алыпты деп жүрсе. Анда-санда демалу керек. Бірақ жұмыс та істеу керек", – дейді Төреғали Төреәлі.
Өнер иесінің бұл сөзі желі қолданушыларына жақпай қалды. Әнші тағы да сынға ұшырады.
"Қазір де кішкене ұрттап алған сияқты ғой", "Не киіп алған? Сахна мәдениеті қайда", "Семіздікті қой ғана көтереді деген", "Осы тұрғанда ішкен немесе шегіп алған", "Сахнада тұрып қуып тұр ғой, есік алдында отырғандай", «Бұл да бір жүрген біреу. Соңғы кездері қуып кетті, киімінің түрі анау», «Осыны неге шақырады?! Не айтып тұр өзі?" – деп жазды.
Соңғы жаңалықтар





