Сырым Исабаев Қайратпен арада не болғанын ашып айтты

Сырым Исабаев Қайратпен арада не болғанын ашып айтты
11.09.2025 21:32
0
120

Әнші Сырым Исабаев Аман Тасығанға берген сұхбатында өнер жолына қатысты көпшіліктің көкейінде кеткен сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол Қайрат Нұртаспен арада болған жайтқа тоқтала кетті. 

"Жетпей қалған әндер бар. Біз махаббатты тауысып, басқа да тақырыпты қозғағымыз келді. Шүкіршілік әнімізді айттық. Бірақ әке мен анаға, табиғатқа, арамыздағы достық қатынасты жеткізетін ән жетпеді. Осындай дүниелер жетіңкіремей қалды. Әйтпесе бізде бірге ән айтуға ниет болды. Ән табылмай қалғаннан кейін бөліну болды. Ескі әннің тізесін шығарып айта бергіміз келмеді", - деп жауап берді тасада қалған әнші. 

Желі қолданушылары әншінің бұл ойына қатысты түрлі пікір жазды. 

"Қайраттың шешесі Сырымды шеттетіп жіберді. Әйтпесе Сырымның дауысы керемет", "Мейрамбектен кейінгі талант осы ғой", "Гүлзира ханым екеуі бірге жүрсе, халықтың ықыласы Сырымға ауып кететінін білді. Қызғаныш болды, өті жарылып кетсе де шындық", "Сырымды Қайроштың мамасы құртты. Бәріміз білеміз бұны", деді олар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий