Сырымбек Тау: "Кредитімді жауып берсең, жолым болып кетеді" деп басталатын хаттарды оқымаймын

23.10.2025
17:45
0
73
Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасында күнделікті оған келетін хаттар мен өтініштер туралы ашық ой қалдырып, оқырмандарына маңызды ұйғарым айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Ол жазбасында қысқа әрі нұсқа түрде келесіні атап өткен:
«Тізесі шыққан сөз. “Балық берме, қармақ бер”. Осылай басталса оқымауға тырысамын. Осылай күніне 8–9 адам жазады. Бір демеп жіберсең, байып кетемін, кредитімді жауып берсең, жолым болып кетеді… қателесіп құмар ойынға кіріп, өлім шегіне келгендей болып жазатындар да, сіз құтқарасыз, түсімде сізді көрдім — сіз көмектесуіңіз керек екенсіз деп жазады… Осындай, қаражат сұрап жазатын, еш таныс емес адамдар көп. Достар, тегін дүние болмайды; болса да нәтиже беретін, парасатты, пайдалы болғанда ғана болады. Сондықтан 50–60 адамға бірдей хат жазып, уақыт жоғалтқанша, 20 бет кітап оқыңыз немесе екі қолға бір күрек табатын жұмыс табыңыз. Аспаннан ақша жаумайды — бұл анық.»
Кәсіпкердің сөзі оқырмандары арасында екұшты пікір тудырды. Бірі оны қолдаса, басқалары ақшалы адам мұндай мұқтаждықты түсіне бермейтінін жеткізді.
"Қазіргі заманда әртүрлі қиындықпен бетпе-бет келетін адамдар көп. Кейбіреулер, шын мұқтаждықпен емес, әлдебір жеңіл жол іздеп, көмекті сұрауға жүгінеді. Көмек сұраған адамға қол ұшын созу — адамгершілік ісі, бірақ көмектің мәні — адамның өмірін өзгертуге ықпал етуінде. Қармақ ұстап үйренбей, балық алу мүмкін емес. Еңбек пен білім - адамды жетістікке жеткізер ең сенімді жол", - деп жазды актер Бекжан Тұрыс.
"Сен не жазсаң да, сөзің өтімді болады, Құрдас. Себебі сенің қаражатың бар. Қаражаты бар адамның сөзі, Қазақ қоғамында өтімді - қаражаты жоқ адамның басы алтын болса да, пікірін ешкім тыңдаймайды. Шындық сол. Жалпы бай адамның ақыл айтқандары дұрыс. Кедей адам ақыл айтса: “Өзін жөндеп алмай ма …” дейді қоғам. Сондықтан осылай ауқатты ғұмырыңда ақылыңды айта бер. Тыңдаймыз", - деп жазды депутат Самат Нұртаза.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

23.10.2025
21:22
Алмат Сақатов: «Бауыржан шоу» жабылған кезде бә...

23.10.2025
20:44
12 адам қаза тапты: Ақтөбе облысында жантүршіге...

23.10.2025
19:10
Қайрат Нұртастың қызына қатысты ақпарат тарады

23.10.2025
18:32
«Трамп енді Ресеймен соғыс жолына түсті»: Медве...

23.10.2025
17:57
Қазақстанда алғаш рет дропперлік үшін іс қозғалды

23.10.2025
17:52
Продюсер Баян Алагөзова Дана Орманбаевамен сотт...