"Сыйлыққа 10 көлік": Танымал блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты тексеріс басталды

22.08.2025 20:03
0
78
Фото: instagram.com/zhanabylov_e

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желіде танымал блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қоғамда туған наразылықтан кейін құзырлы органдар блогерлердің соңғы ірі ұтыс ойынын тексеруге кіріскен. Дегенмен, істі қай мекеме қарастырып жатқаны нақтыланбады.

«Елді әбден мезі қылған ұтыстарын өткізу үшін курстарын сатып байығысы келді. Халық қарсылық білдірген соң тексеріс басталды. Бұл іспен айналысатын арнайы комитет бар. Жақында блогерлерге ресми ескерту беріледі. Егер соған құлақ аспаса, 1 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Қайтсе де, іс қылмыстық жауапкершілікке дейін жетуі ықтимал», – деді заңгер.

Айта кетейік, Жанабыловтар отбасы Қытайдың бес сайтынан тауар алуды үйрететін курсты 30 мың теңгеге сатып, оған қызықтыру үшін 10 жаңа көлік пен ақшалай сыйлықтар дайындаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий