Түркістанда 11 сынып түлегі әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды
Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады,-деп хабарлайды politico.kz
Түркістанда білім-инновация лицейінің оқушысы әлемнің бірнеше университетіне шақырту алды
11 сынып түлегі Ислам Абдурахманов әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады.
Түлек 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізіп келген.
"8-сыныпта айти саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен "Hackathon" атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының "Eco Turkistan" клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің "Green Team" атты жеке эко клубымды аштым", - дейді Ислам Абдурахманов.
Дарынды оқушы АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы "North American University(NAU)" мекемесін таңдап отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...