Тағдырдың сан-алуан белестері
ТАҒДЫРДЫҢ САН-АЛУАН БЕЛЕСТЕРІ
О өмір жұмбақсың сен өрнектелген
Өзіңе кімдер келіп, кім кетпеген
Батырларың, ақындарың, аруларың
Бұлбұлдай әншілерің құрметтелген
Ғашықтар бар сүйіп өткен бірін-бірі
Айтса кетер, көңілдің ащы кірі
Көкіректен шығатын мейірім нұр
Тазалайтын құдыретті соның пірі
Ата-ана бар ұрпақтарын мәпелейтін
Жақсылыққа, бақытқа жетелейтін
Балбұл ұшып бір сәтте кете бар-ды
Үмітіміз көп еді үкілеген.
Әттең-ай, тәтті өмірде қалдым сыңар
Жүрегімді аялап, кім бар ұғар
Арманым көп білемін, аңсағаным,
Махаббатым-ең қымбат алтын тұмар
Тағдырдың сан-алуан белестері
Алдан күткен, қуанышым емес пе еді
Жиырма жылдай болыпты, аңсауменен
Ақ армандар, сағым боп елестеді
Таңым атып, күндер батып, қайталанар
Әз жүрегім қалайша жай таба алар
Келемін іздеуменен армандарды
Аңсаймын жүрек сүйген жақсы жанды.
Күлшән НҰРБЕКОВА
«Мезгіл әуендері» жыр жинағы
Соңғы жаңалықтар