"Тозақ": қазақстандық келіншек өзге ағымда 15 жыл қалай жүргенін айтып берді

Қазақстандық келіншек Алмара Қайратқызы өз өміріндегі ауыр кезеңдері туралы заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында шындықты ашық айтты.
Ол өзге діни ағымның ықпалына қалай түскенін және сол жолдан шығудың қаншалықты қиын болғанын әңгімеледі. Оның айтуынша, бар болғаны үш рет кездескен адаммен бірге тұрып, тіпті Египетке көшуге ниетті болған. Ата-анасының қарсылығына қарамастан, Алмара өзге ағым өкіліне тұрмысқа шығып, үлкен қателікке бой алдырған.
Ол сол жылдарды еске ала отырып, өз өмірінің үш жылында баласыз өткенін, сол сәттерде бұл жағдайдан шығуға мүмкіндігі болғанын жеткізді. Алайда қорқыныш пен санаға сіңірілген үрей оны тоқтатып отырған.
3 жыл арамызда бала болған жоқ. Сол кезде шығып кетуге мүмкіндік болды, бірақ қолданбадым. ‘Тозақ, тозақ’ деп сананы қорқытып тастағандықтан қорықтым. Тағдырыма көнемін, Мысырға бармайтынымды сеземін. 4 қабырғада отырамын. Арзан үй жалдап отырамыз. Әкем келеді де ‘сені осы үшін өсірдім бе’ дейді. Ағымда болу — тозақта болу. Бірақ, түп санаңды улап тастағаннан кейін оны сезбейсің, — дейді Алмара Қайратқызы.
Соңғы жаңалықтар





